«Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі»
«Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі»
10.10.2022 жылы Мұхтар Әуезов атындағы ЖОББМЛ-нің
3 «а» сынып оқушылары арасында
«Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі» атты сынып сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды дұрыс тамақтану мәдениетімен таныстырып, денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту . Адамның ағзасына қажетті тағамдық заттардың ерекшелігін, денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
Тәрбие сағатының барысында оқушылар «Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі» туралы видео-роликтер көрді. Тамақтану ережелерімен танысып, «Тамақтану ережесін» құрды. Топтық тапсырмалар орындап, адам денсаулығына пайдалы және пайдасыз тағамдарды атады.Сонымен қатар сұрақтарға жауап беріп,жұмбақтар шешті.
Қорыту: Адам баласы өмірде екі нәрсенің қадірін білмейді. Біріншісі - денсаулық болса, екіншісі – жастық шақ. Кішкентай кезден адам баласы пайдалы тамақтармен, түрлі дәрумендермен уақытылы тамақтанса, сонда ғана баланың денсаулығы мықты әрі күшті, ой-өрісі кең болады.
Ас - адамның арқауы
Аспен күш артады
Тағам іш жағымды
Тазартар жаңынды,-деп сынып сағатын аяқтады.