14
октябрь
2023
«Зерде» республикалық зерттеу жобаларының мектепішілік кезеңі
2023-2024 оқу жылындағы 12 қазан күні мектебімізде 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобаларының мектепішілік кезеңі болып өтті. Бұл конкурстың мақсаты - балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.Аталған байқауға 2 мен 7 сынып оқушылары арасынан Джарылқасил Айзере, Сайлаубек Адия, Онгдасын Мөлдір, Жемисхан Дильназ, Ғалымжан Алихан, Аятбай Әмір, Таниберген Нурай, Муралиева Азиза, Серік Айлу, Мақсатқызы Құралай қатысты. Қатысқан әр оқушының бойынан зерттеушілікке деген қызығушылық, шығармашық ойлар, ізденімпаздылық қасиеттері табылды. Әр оқушы мен олардың жетекшілері зерттеу жұмыстарын толық, талапқа сай орындап, жұмыстарын қорғап шықты.
Бірінші орынды 2-4 сыныптар арасында Таниберген Нурай «Создание своей игры в программе Scrach» тақырыбымен және Ғалымжан Алихан «Кітаптардың болашағы бар ма?» тақырыбында иеленіп, аудандық кезеңге жолдама алды.
Екінші орынды 5-7 сыныптар арасында Серік Айлу, Жеңісхан Дильназ иеленді. Екінші орын алған жас зерттеушілер де аудандық кезеңге жолдама алды.
Ал Джарылқасил Айзере, Мақсатқызы Құралай 3-нші орынды иеленді. Ал Сайлаубек Адия, Онгдасын Мөлдір. Аятбай Әмір, Муралиева Азиза зерттеу жұмысының резервіне жазылды.