«Интернет алаяқтары»
Анықтама
2023 жылдың 09 қазан күні Меркі АПБ КПБ жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Н.Сыдықбеков, Меркі АПБ-нің КТІЖ учаскелік инспекторы, полиция лейтенанты Маңызқызы Арна М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде «Интернет алаяқтары» тақырыбында мектеп мұғалімдеріне дәріс оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Соңғы уақытта өзге адамның әлеуметтік желідегі аккаунтын пайдаланып, қаржылай көмек сұрайтын алаяқтардың әрекеті күшейіп кетті. Мұндай алаяқтықтың құрбандары көбейген. Бұған дейін танымал тұлғалардың, әлеуметтік желі белсенділерінің жалған аккаунттарын жасау арқылы азаматтардан ақша сұрау жиі кездесетін болса, енді алаяқтар қарапайым азаматтарға да көшкен.
Алаяқтық схемасы қарапайым: кез келген адаманың әлеуметтік желідегі жалған аккаунты жасалады. Сол арқылы оның жақын туыстарына, достарына не өзге таныстарына хат жазу арқылы белгілі бір банк картасына ақша аудару сұралады. Мұндай деректер әсіресе Telegram мессенджерін пайдаланушылар арасында жиілеген.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері шабуылға ұшырағандардың әлеуметтік желілерде байланыс деректерінің дербестігін сақтамағанын, сондай-ақ, байланыс деректерінің еркін таралып кеткенін айтып өтті.