«Мағжан Жұмабаев – ұлттық поэзия падишасы» » "Общеобразовательная школа-лицей имени Мухтар Ауезова"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Мұхтар Ауезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-39-00
Есепші бөлімі:
+7(7263) 24-39-00
Версия
для слабовидящих
» » «Мағжан Жұмабаев – ұлттық поэзия падишасы»
22
ноябрь
2023

«Мағжан Жұмабаев – ұлттық поэзия падишасы»

*«Мұхтар Әуезов  атындағы  ЖОББМЛ» коммуналдық  білім  мекемесінде  «Мағжан Жұмабаев – ұлттық поэзия падишасы»* *тақырыбында өткізілген* *әдеби-кешінің Анықтамасы*
      Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орті білім беретін мектеп-лицейінде 2023 жылдың 22 қарашасында орыс сыныбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндері  мұғалімдерінің  ұйымдастыруымен Мағжан Жұмабаевтың 130 жыл мерейтойына арнаған «Мағжан Жұмабаев – ұлттық поэзия падишасы» атты әдеби кеш өтті.    *Іс-шараның мақсаты:* Ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың әдеби мұрасын құpмeттey. Ақын шығармалары арқылы оқушылардың бойында адамгершілік, сүйіспеншілік қасиеттерін, сезімдерін қалыптастыру, эстетикалық талғамдарын apттыpy, бірін-бірі бағалай білуге тәрбиелеу. Әдеби кеш барысында ғашықтық сезімнің сан алуан толқындарын өлең жолдарымен барша жұртты таңқалдырған, нәзік сезімнің ақыны Мағжан Жұмабаев өлеңдерін Биналиев Билял, Курбанова Фарин, Мухаббатов Мансур, Садыкжан Раяна, Айтбаева Нигора, Кадирова Элина, Мустафаева Мираль, Ратушина Дарья «Мен жастарға сенемін», «Өлең», «Туған жер», «Ана», «Қазақ тілі» атты өлеңдерін  мәнерлеп оқыды. 9-сынып оқушысы Кадирова Милана ұлы ақынның өмірінен қызықты деректер мен мәліметтер айтты. Сонымен бірге ақынның өмір жолы туралы және махаббат, адамгершілік қасиеттерді жырлаған өлендерінің жарық көруіне себеп болған оқиғаларға тоқталды. 7-сынып оқушылары «Батыр Баян» поэмасынан көрініс көрсетті. Сондай-ақ 5-6 сынып оқушылары Мағжанның қасиеттерін, ішкі шығармашылық құдіретін жұрттан бұрын байқаған әрі аса жоғары бағалаған ақын-жазушыларымыздың Мағжан туралы жазған қара сөздерін жатқа айтты. Бүгінгі іс-шарада оқушылардың бойына адамгершілік, сүйіспеншілік қасиеттерін, сезімдерін, эстетикалық талғамдарын қалыптастыра отырып,  бірін-бірі бағалай білуі керек екені тереңінен түсіндірілді.

https://www.facebook.com/100030510421153/videos/365522752641021/​​​
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив