09
ноябрь
2022
“Дәуірдің дала тұлғасы-Мұхтар Әуезовке 125 жыл” тақырыбында әдеби кеш
2022 жылдың 9 қараша күні қазақ тілі мен әдебиеті айлығының ашылуына орай “Дәуірдің дала тұлғасы-Мұхтар Әуезовке 125 жыл” тақырыбында әдеби кеш өтті. Әдеби кештің мақсаты: қазақ елінің мақтанышына айналған заңғар жазушыны құрметтеуге, оқушыларды елін сүюге, әдебиетті білуге тәрбиелеу.
Әдебие кешке мектеп директоры- Б.Т. Кыстауов пен директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары - С.М.Сейсенбаева қатысты.
Әдебиеттің асқары іспеттес тұлғаның өмірі де, өзі де дара, дана. М. Әуезов - жомарт табиғаттың жарық дүниеге тым сараң сыйлайтын біртуары. XIX ғасырдың асқар белі Абай болса, ХХ ғасырдың заңғар биігі - Мұхтар Әуезов.
Әдеби кеште 8-сынып оқушылары “Қараш-Қараш оқиғасы” мен “Еңлік-Кебек” пьесасынан сахналанған қойылым қойды. Оқушылар мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Мұхтарға арнау өлеңдерін оқыса, оқушылар тұлға жайлы пікірлермен бөлісті.