05
декабрь
2023
3 сыныптар арасында "Бұрымды қыз" тақырыбында іс-шара
2023жылдың 1 желтоқсанында 3 сыныптар арасында "Бұрымды қыз" тақырыбында іс-шара өткізілді.
Мақсаты:Шаш күтімі туралы кеңес беру.Халқымыздың ұлттық қыз,келіншектердің шашына тағатын сәндік бұйымдары туралы түсініктерін кеңейту.Халықтық тәрбие негіздеріне тоқталу.Мектеп оқушыларына арналған сәнді шаш өру үлгілерін үйрену.
Іс-шара барысында "Шаштың қуаты мен киесі" туралы бейнебаян көрсетілді.Әжелер іс-шараға белсене қатысып,немерелерінің шаштарын өріп,шашбау түрлері мен шолпы,шаштеңге,шашқап туралы толық мағлұмат берді.
Іс-шара соңында қыздар әжелеріне арнап "Әжетайым","Ерке қыз"әндерін орындады