15
декабрь
2023
«Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары»
«Нәтижеге бағытталған әдістемелік көмек» онкүндігі аясында бекітілген жоспарға сәйкес 15.12.2023 күні ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары» тақырыбында әдістемелік коучинг өтті.
Пән мұғалімдері Нәметқұл Құралай Мұратбекқызы мен Әшірбаева Құралай Бақытқызы сабақта оқылым дағдысын қалыптастыруға бағыттайтын әдіс-тәсілдерді таныстырып өтті. Пән мұғалімдерімен бірлесе отырып, топтық негізде мәтінді негізге ала отырып, оны талдау, оқу кезінде оқушыларға қиын соғуы мүмкін тұстары талқыланды.