Балалар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру
Қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу
2023 -2024 оқу жылының ІІІ тоқсанының жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 10 қаңтар күні «Қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу » тақырыбында мектебімізде құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында АПБ бастығы полиция полковнигі Мамытбеков Сәбит Мұсабекұлымен 9-11сынып оқушылары арасында кездесу өткізілді. Мектеп директоры Н.С. Койшиманова қонақтарды таныстыра отырып, қызметтерін жауапкершілікпен атқарып жүрген полиция қызметкерлеріне алғысын жеткізді. Кездесу барысында Сәбит Мұсабекұлы жасөспірімдер арасында облыстық, аудандық құқық бұзушылықтағы мәліметтермен таныстыра отырып, оның келешегіне үлкен зиян тигізетіні жайында толық түсіндіріп өтті. Сонымен бірге 11-сынып түлектер арасында осы полиция мамандығын таңдап отырған оқушыларға да жан-жақты мәлімет берді.