22
январь
2024
« Діни экстремизм мен терроризм татулықтың жауы»
2024 жылдың 22 - қаңтар күні М. Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде « Діни экстремизм мен терроризм татулықтың жауы» тақырыбында Сарымолдаев ауылдық округінің әкімінің орынбасары Айбек Тоқметұлы Қапалбаев және ЖРО инспектор теологы Пірназаров Бауыржан Мұратұлының қатысуымен 10-сыныптар арасында кездесу өткізілді. Кездесу барысында А.Қапалбаев қазіргі кездегі болып жатқан діни жаңалықтарды, діннің тарихын, оның даму заңдылықтарын түсіндірді. Айбек Тоқметұлы діннің адам үшін, мемлекет үшін қажеттілігіне, әр түрлі діни ағымдардың пайда болу себептері мен тарихына тоқталып өтті. Сонымен қатар ЖРО инспектор теологы Пірназаров Бауыржан Мұратұлы діни секторлар мен экстремистік бағыттағы діни секторлардың құрылу тарихын, себептерін, іс-әрекет мақсаттарын, қоғамға әсері туралы оқушыларға кең мағлұмат берді. Ғылымның нәтижесі әсіресе XXI ғасырда қатты сезілуде. Ал қазіргі қоғамға тек қана ғылым мен ғана озу жараспақ деді маман. Осы орайда оқушылар тақырып төңірегінде көкейлерін мазалаған сұрақтарды қойып, толыққады жауаптар алды.