29
январь
2024
"Көркем еңбек сабағында білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың тиімді жолдары" тақырыбында аудандық семинар
Мұхтар Әуезов атындағы жапы білім беретін мектеп -лицейінде 26 қаңтар күні Көркем еңбек пәні бойынша "Көркем еңбек сабағында білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың тиімді жолдары" тақырыбында аудандық семинар өтті Семинардың мақсаты: Пән мұғалімдерінің шығармашылығын дамыта отырып ,іс-тәжірибесін насихаттау.Семинар барысында Згаева Алия Бегеналиевна 6 А сыныбында (қыздар тобында)"Нобай.Бұйымды дайындау.Бөлшектерді пішу " тақырыбында сабақ көрсетті.Сабақ 'Learning apps"платфлрмасында пазл құрастыру арқылы жүргізіліп,оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуда көптеген әдіс -тәсілдер қолданды.Байназаров Жасұлан Алтаевич "Үстел ойыны.Үстел ойынының шығу тарихы " тақырыбында 8 А сынып ( ұлдар тобында ) сабақ көрсетті Оқу мақсаттарын жүзеге асыруда жұптың,жеке,топтық жұмыстар жүргізілді .Кикнадзе Динара Бадыровна мен Нурсеитова Ляззат Есенамановна бастауыш сыныптарда "Opik kz" платформасын қолдану бойынша "Еңбекке баулу және бейнелеу сабағында электронды оқулықты пайдалану ерекшеліктері ' тақырыбында шеберлік сағатын көрсетті. Шеберлік сағат барысында "Opik kz" платфрмасының артықшылықтары мен пайдалану ережесі айтылды. Семинар соңында өзінің іс-тәжірибесімен бөліске ұстаздарымыз сертификаттармен марапаттады.