07
февраль
2024
Салт-дәстүрім таусылмайтын байлығым !
Салт-дәстүрім таусылмайтын байлығым
Бүгін, 5.02 күні мектебімізде "Салт - дәстүрім таусылмайтын байлығым "тақырыбында 5-сынып оқушылары мен ата-аналарының арасында бірлескен іс-шара өткізілді. Мақсаты: Ұлттық қазынамыз салт-дәстүрлімізбен таныстыру, рухани байлықты қадірлеп-қастерлеу қажеттігін түсіндіру.
Іс-шараға ата-аналар, әжелер келіп, бесікке салу, шаш күтімі, бата беру, жеті атаны білу, қонақты төрге отырғызу, сүйінші сұрау сияқты күнделікті жүретін дәстүрлерімізге мән берілді. Әжелеріміз кішкене сәбиді бесікке бөлеп, бесік тазалығы жайында әңгімелеп берді. Мектеп басшысы Н.Сейсенбаевна ата-аналарға өз ризашылығын білдіріп, оқушылар дәстүр-салтымызға мән беруге шақырды. Ат салысқан ата-аналарымызды марапаттап, белсенділікке шақырдық. Заман өзгерсе де ұлттық салт-дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту. Салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт-дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдіміз.