16
февраль
2024
"Сәлемдесу мәдениеті"
Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің кітапханасында 23ші қаңтар мен 15 ақпан аралығында 7-9 сыныптар арасында "Сәлемдесу мәдениеті" көрме, викториналық ойын, дөңгелек үстел іс- шаралар өтті.
Сәлемдесу мәдениеті бойынша көрме ұйымдастырылды. Білім алушылармен іс-шара барысында мектеп кітапханашысы оқушыларға сәлемдесу мәдениеті туралы кітап көрмесімен таныстырып өтті.Оқушыларды қазақ халқының сәлем беру,сәлем алу, сәлемдесу рәсімдерін айту арқылы сыпайы,әдепті болуы керектігін түсіндірді.
Сәлемдесу мәдениеті бойынша да викториналық ойындар өкізілді. Оқушыларға қиылған кескіндерді құрастыру арқылы,ой өрісін дамыта отырып жақын адамдарымен қарым-қатынаста болуды, сомен қатар есте сақтау қасиеттерін дамыта отырып сол материалдардан шыққан суретерді әңгімелеп берді.
Дөңгелек үстел барысында, оқушыларға сәлемдесудің түрлерін көрсете отырып, қалай сәлем беру керектігін үйрету. Сәлемдесу мәдениетіне, ізеттілікке, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқушыларға сәлемдесу туралы сұрақтар қойылып, ашық әңгіме жүргізілді.
Сәлем беру – кішіліктің белгісі. Сәлемдесу – ынтымақ, бірлікке шақырады. Адамдықтың белгісі сәлемдесу екенін ұмытпайық.
https://www.facebook.com/100055134233070/videos/362194913326824/