24
сентябрь
2021
«Қарым-қатынас мәдениеті»
2021-2022 оқу жылында Үлгілік оқу жоспардың вариативтік компоненті есебінен 5-11-сыныптарда «Жаhандық құзырлық» таңдау бойынша курстар жүргізу ұсынылды. Осыған орай, Владимир Савва атындағы №9 ЖОББМЛ коммуналдық білім мекемесінде 5-сынып оқушыларына арналған "Әдеп және парасаттылық" факультативті курсының жұмыс бағдарламасы мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес өткізілуде.Жоспар бойынша 5 «Г» сыныбымен «Қарым-қатынас мәдениеті» тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақта қарым-қатынас мәдениеті туралы жан-жақты түсінік берілді. Сабақ барысында сынып оқушылары 3 топқа бөлініп отырды. Әр топқа жағдаяттық тапсырмалар берілді. Оқушылар топтарына берілген тапсырманы постерге түсіру арқылы ойларын ашық, анық жеткізе білді. Оларға мұғалім жетекші сұрақты қою арқылы ойларын еркін жеткізуге көмектесіп отырды.