"Қазақстанның экологиялық проблемалары:олардың шешу жолдары" тақырыбындағы сыныптан тыс сабақ

2024 жылдың 4 сәуір күні қосымша білім беру педагогы С.Бейбіт 7 "А" "Ә" "Б" сынып оқушыларының қатысуымен "Қазақстанның экологиялық проблемалары:олардың шешу жолдары" экологиялық тақырыбында сабақ жүргізді.

Мақсаты: Қоршаған ортаның жай - күйін зерделеу, жаhандану заманында жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбиені жетілдіру.

Сабақ барысында "Табиғатты қорғау бізден басталады" деген экологиялық тренинг жүргізді.Тақырыпқа қысқаша сипаттама беріп , 3 топқа тапсырмалар берді.
Соңында қорытындылау кезеңінде қоқысты дұрыс сұрыптай аламыз ба?- деген ойынын ойнады.


