25
апрель
2024
«Жасөспірімдермен қарым-қатынас ерекшеліктері»
2024 жылдың 24 сәуірінде Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде «Жасөспірімдермен қарым-қатынас ерекшеліктері» тақырыбында ата-аналарды педагогикалық қолдау сабағы өткізілді.
Сабақтың негізгі мақсаты балалардың айналасындағылармен жағымды қарым-қатынас орнатуына қолдау көрсету.
Сабақ барысында ұйымдастыру кезеңінде топтарда ынтымақтастық пен ұйымшылдықты арттыру мақсатында трейнинг жүргізілді. Қатысушылар тақырып бойынша талдау жасап, постер қорғады. Қарым-қатынас түрлері талданып, бейнеролик көрсетілді. Ашық микрофон әдісі арқылы ата-аналармен талқылау жұмыстары жүргізіліп, бейнеролик барысы талданды.
Сабақ соңында кері байланыс жүргізіліп, ата-аналар өздерінің жақсы әсерлерімен бөлісті
https://www.facebook.com/100030510421153/videos/449397940904702/