"Ой -шебері" зияткерлік ойыны
Жамбыл облысы әкімі Е.Ш.Қарашөкеевтің бастамасымен "2025 жыл Жамбыл облысында «Кітап оқу жылы» деп белгіленген. Осыған орай, «Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен Тараз қаласында «Ой шебері» зияткерлік ойыны өтті. Ойын 6 -кезеңнен тұрды. Осы байқауда оқушыларға оқуға міндеттелген шығармалар тізімі мыналар болатын.
1. Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша» романы
2. Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романы
3. Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабы
4. Күләш Ахметованың өлеңдер жинағы
5. Ш.Мұртазаның «Бір кем дүние» кітабы. Осы зияткерлік ойынға қазақ тілі мен әдебиеті пәніннің мұғалімі Сауранбаев Бектас оқушыларды дайындап бірінші орынды иеленді. 9-10 сынып оқушылары: Сәкен Алина, Елубай Есімхан, Құтлымуратова Эльнора, Камчыбек Айзере қатысып 400000 мың теңгелік сертификатқа ие болды. Оқушыларымызды сол жетістіктерімен марапаттау үшін бүгін, мектебімізге Жамбыл облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Исламбек Дастан арнайы келіп марапаттаттап қайтты. Оқушыларға алдағы уақытта үлкен жеңіс тілеп, Әулиеата өңірінде осы байқау жалғасатынын арнайы түсіндіріп шәкірттерге, қолдау көрсетті. Сонымен бірге Жеңіс кубогын табыс етті. Бұл, мектеп үшін үлкен абырой. Мектеп басшысы Н.Койшиманова оқушыларға, қонақтарға жылы лебізін білдірді...