Ата-аналарды қолдау сабағы
Бастауыш сынып ата-аналарына арналған педагогикалық қолдау сабағы өткізілді. Тақырыбы: Логикалық ойлауды үйрену және отбасылық келісімнің кепілі-сенімді қарым-қатынас.
Мақсаты: Ата-аналардың бастауыш мектеп жасындағы баланың логикалық ойлауын дамытуға дайындығын қалыптастыру.
Мазмұны:1. Логикалық ойлау табыстың негізі ретінде.
2.Балаларда логикалық ойлаудың негізгі аспектілері
3.Баларға осы шеберлікті дамытуға көмектесу тәртібі.
4. Ата-аналарға практикалық консультация беру.
Ыбырай Алтынсариннің "Бақша ағаштары" әңгімесін мысалға ала отырып, талдау жұмыстары жүргізілді. Ата-аналарға логикалық ойлауды дамытудың жолдарын түсіндірілді. Әрдайым баламен логикалық ойындар, шахмат, шашки, тоғызқұмалақ, ауызша есептер, ресурстар, лабиринттер,бас қатырғыш есептер беріп, баланы логикалық ойлауға үйрету керек. Баланың ойлауын дамытумен үйде айналысу қажет. Сонымен бірге ойлаудың әртүрлі түрлерін жаттықтыру:визуалды-бейнелі және визуалды-әрекетті, абстрактілі-логикалық, отбасында үстел ойындары, жұмбақтар шешу, пікірталас т.б ойындарға қатыстыру қажет.