





Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің бірлестігі М.Мақатевтың туылған күніне орай "Мұқағалидің -мәңгілік поэзиясы" тақырыбында іс-шара өткізді. Оқушылар ақынның өлеңдерін, әндерін орындап, өмір жолымен танысты. Мектеп басшысы Н.Сейсенбаевна Мұқағали өлеңдері адам жанына жақын, сыршылдығын әңгімелей келіп, оқушыларды поэзия оқуға құштар болуға шақырды. Оқушылар: "Пай,пай,өмір", "Үш бақытым", "Туған жер", "Анашыма" тақырыбында.т.б өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Әндерін баяу, жанды дауыста орындап, үлкен әсерге бөледі.