11
февраль
2021
"Мұқағали - мәңгілік ғұмыр"
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің" Владимир Савва атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің оқушылары "Мұқағали - мәңгілік ғұмыр" тақырыбында адалдық сағатын тамашалады. Мұқағали Мақатаев 1931 жылы ақпанның тоғызы күні Нарынқол өңірінің Қарасаз ауылында дүние есігін ашқан. Мұқағалидің бала кезі сұм соғыстың қасіретті жылдарына тұспа-тұс келеді. «Неңді сенің аңсаймын бала шағым, бұлдыраған айналаң ала сағым» деген ақынның анасы Нағиман Мұқағалидың өкшесін баса туған үш ұлды асырап жеткізеді. «Сенің қандай аңсаймын «тамашаңды?» Соғыс келді: жүрекке жара салды»... Осы өлең жолдарынан ақынның бала кездің өзінде қандай қиыншылықтан өткенін аңғарамыз. «..Жалынған ғазиз Анам, сұрап қалған, Жоғалды сол бетімен бірақ та арман. Сенбеймін әкең өлді дегенге мен, Себебі ол үйімізден тірі аттанған...» Орта мектепті интернатта жатып бітірген жігерлі жас еңбекке ерте араласып, ауылдық кеңестің хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметкері, жетіжылдық мектептің мұғалімі болады. Оқушылар ақынның осындай жүрекке жақын, тілге жұмсақ өлеңдерін, өмірі мен еңбек жолдарымен танысты.