“Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы” » "Общеобразовательная школа-лицей имени Мухтар Ауезова"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Мұхтар Ауезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-39-00
Есепші бөлімі:
+7(7263) 24-39-00
Версия
для слабовидящих
» » “Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы”
04
июнь
2025

“Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы”

Мұхтар Әуезов атындағы ЖОББ  мектеп лицейінің жанындағы “Достық-2025” жазғы лагерінің жоспарына сәйкес 4- маусым күні “Мемлекеттік рәміздер –  ел мақтанышы” атты іс-шара өткізілді.
 Мақсаты: 

Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту.Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.

Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.

Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

 Балаларды қабылдап алғаннан кейін сапқа тұрғызылып, мемлекеттік Туды көтеру рәсімі жүргізіліп, Әнұранді бірге айтты.

Үлкен топ жетекшілері  Рәміздерге байланысты «Мен Қазақстанның азаматымын» танымдық квестойынын ойнатты.

Ортанғы топ  жетекшілері «Мен патриотпын» пікір сайыс өткізді.

Кіші топ «Мектеп кітапханасына саяхат» жасады, «Менің туым менің мақтанышым», «Елтаңба елдігімнің нышаны» атты сурет байқауын өткізді.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: Бір халық – бір ел – бір тағдыр».

Неге біз бұлай айта аламыз?

Отан дегеніміз не? «Отан» жайлы мақал-мәтелдер айтып көрейік, «Отан» жайлы тақпақтар

Мемлекеттік рәміздер — Ту, Елтаңба және Әнұранның авторлары.Ұлттық валютасы? Қандай елдермен шектеседі? Т.с.с. сұрақтар қойылды

«Жұлдыз»,      «Күншуақ», «Бүркіт», «Ақ торсық», «Солнышко» топтарына мектеп психологтары: Абашова С, Жұматаева А түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мектеп кітапханашылар: Аликулова А, Абрахманова А «Шаңырақ», «Достық», «Қыран», «Қызғалдақ» «Болашақ» топтарына көрме өткізілді.

Қорытынды:  Мемлекеттік рәміздер — Ту, Елтаңба және Әнұран — Тәуелсіз Қазақстанның егемендігін, біртұтастығын, тарихи және мәдени мұрасын бейнелейтін маңызды нышандар. Олар халықтың патриоттық сезімін оятып, елге деген сүйіспеншілікті арттырады. Мемлекеттік рәміздер әрбір азамат үшін қасиетті және қастерлі, өйткені олар еліміздің тәуелсіздігін, ұлттық бірлігін және болашаққа деген сенімді білдіреді. Сондықтан оларды құрметтеу — әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы.







Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив