16
апрель
2018
Дүниежүзілік отбасы күні
№9 Владимир Савва атындағы жалпы білім беретін мектебінде 15-сәуір Дүниежүзілік Отбасы күніне орай өткізілген іс-шара
12.04.2018 күні Ағылшын тілі әдістемелігінен 10 «Б», 7 «В», 6 «Б» сыныптар ата – аналарымен «Мен және менің отбасым» тақырыбында коучинг жүргізілді. Әр топты көктем гүлдерімен бөлдік. Ата – аналар бұл коучингте сұрақ – жауап арқылы коучингтің тақырыбын тапты. Постер қорғау тапсырмада әр топ оз қиялындағы отбасын бейнеледі және сол постерге тақырып қойылды. Ол арада мектебіміздің дарынды балалары өнерлерін көрсетті. Мақал сөз мәйегі тапсырмасында ата –аналар өз білімдерін тексеру арқылы жарысты. Жағдаяттық тақырыптар айтылды, сол жағдаяттық сұрақтардан шығу жолдарын табу керек болатын. Ойлану барысында Күзенбаев Айдос оқушымыздың өнерін тамашалады. Бейнеролик көрсетілді, бейнеролик бойынша өз түйіндемелерін айтып, балаларға түсіндіріп кетті. Коучинг соңында тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ансиова Назгул Төлендіқызына сөз берілді. Ата – аналарға номинация арқылы мадақтама қағаздары берілді. Сөз соңында «Әрқашан күн сөнбесін» өлеңмен аяқталды.
Денешынықтыру пән мұғалімдері «Мен және менің отбасым» тақырыбында 1 сыныптын ата-аналарымен спорттық эстафеталық жарыстар ұйымдастырды. Жарыс үш кезеңде өткізілді. Олар: секіртпемен секіру, кедергілер арасынан допты алып жүру, қалтамен жүгіру. Бұл жерде командалық ауызбіршілікті, достықты, отбасылық құндылықты көруге болады. Жығылғанға сүйеніш болып, бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін жарысты қызықты етіп өткізді. Жеңімпаз болған отбасылар мадақталармен марапатталды.