01
октябрь
2025
«Қарттарын қадірлеген – ел ардақты»
Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде «Қарттар күніне» орай «Қарттарын қадірлеген – ел ардақты» тақырыбында кездесу өткізілді.
Өтілген күні: 01.10.2025ж
Мақсаты: Оқушылардың үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрін дәріптеу. Қарттардың еңбегін бағалауға, сыйлауға тәрбиелеу. Ұрпақтар сабақтастығын нығайту, жалғастыру.
Бүгін біз бәріміз үшін ерекше күнде – қарттарға құрмет көрсету мерекесінде бас қосылды. Халқымызда «Қариясы бар ел – қазыналы ел» деген аталы сөз бар.Іс-шара барысында ән шашу, «Атаға құрмет-елге құрмет» атты көрініс,қонақтарға сөз берілді.Қария – ұрпаққа өнеге, тарихтың тірі куәсі, елдің асыл қазынасы. 10-11 сынып оқушылар және қонақ ретінде ауылдың, мектептің ардагер ұстаздары қатысты. Дуанабаев Айтжан, Жадыраева Тоқтанкүл, Дургалова Хампаша,Танкиева Клара, Абайева Назира, Үркеншиева Гүлсім, ата-әжелерімізге жастық шағын қалай өткені туралы т.б сұрақтар қойылды. Қонақтарымыз сөз соңында өздерінің лебіздерін білдірді.


