20
октябрь
2025
"25 қазан-Республика күні!"
Бүгін, мектебімізде 25-қазан Республика күніне орай бірыңғай тәрбие сағаты өткізілді. "Менің Қазақстаным-менің мақтанышым", "Менің Отаным-Қазақстан!" тақырыбында.
Мақсаты: Республика күнінің маңызын, еліміздің жетістіктері мен болашағын паш ету.
Республика күні-ұлттық мереке. Бұл күнді барша қазақ халқы аңсап армандаған. 1990ж қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғары кеңесінің шешімімен Қазақстан Егемендігі туралы Декларация қабылданды. Республика күні-елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамы Тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағы.
Декларацияда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Егемендігі жарияланып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде саяси-құқықтық негіздері жарияланды. Егеменді мемлекеттің іргелі қағидаттары ретінде Қазақстанның жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді.




