02
апрель
2026
Цифрлық қауіпсіздік және баланы онлайн ортада қорғау.
Цифрлық қауіпсіздік және баланы онлайн ортада қорғау.
Мектебімізде бүгін 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған педагогикалық қолдау сабағы өткізілді.
Бұл ата-аналарды қолдау сабағының мақсаты – балалардың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарын түсіндіру және ата-аналардың цифрлық сауаттылығын арттыру. Сабақ барысында ата-аналарға онлайн қауіптер (алаяқтық, кибербуллинг, зиянды контент), жеке деректерді қорғау, қауіпсіз пароль қолдану және балаға интернетті дұрыс пайдалануды үйрету тәсілдері туралы мәлімет берілді.
Нәтижесінде ата-аналар баласын онлайн ортада қорғаудың тиімді жолдарын меңгеріп, қауіпсіз цифрлық орта қалыптастырудың маңыздылығын түсінді.