24
сентябрь
2019
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының 2019 жылдың қыркүйек айында өткізілген мектеп «Ұланбасшысын сайлау»
Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі «Жас Ұлан») Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады. «Жас Ұлан» - өскелең ұрпақты жоғары рухани – адамгершілік құндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген Қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым. Жас ұланның мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін – өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру. Жас ұланның міндеттері: Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани – адамгершілік әлеуетті қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналығын арттыру, танымдық жұмыстарды ынталандыру; жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту. Жас ұлан тәрбиелік, танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік, ақпараттық, шығармашылық қызметтерді атқарады. Мектебімізде ұланбасын сайлау 2019 жылдың қыркүйек айында өткізілді. Ұланбасы сайлауында 6 оқушы өздерін үміткерлікке ұсынған еді. Олар: 10 «А» сынып оқушысы Амиров Алмас, 10 «А» сынып оқушысы Нұрбекқызы Айгерім, 9 «А» сынып оқушысы Бекболатқызы Аружан, 9 «Ә» сынып оқушысы Сатпаева Зарина, 10 «Ә» Асқар Қаламқас, 10 «А» Айдарбек Арнат. Үміткерлер өздерінің болашақ әрекеті туралы бағдарламаларын мектептің бірінші қабатында орналасқан теледидар арқылы оқушыларға таныстырды. Сайлау жәшігі арқылы оқушылар үміткерлерімізге дауыс берді. Сайлау барысында 10 «А» сынып оқушысы Амиров Алмас – 148 дауыс жинады. Сайлау қорытындысы бойынша салтанатты жиын өткізіліп, Амиров Алмас мектеп Ұланбасы етіп сайланды. Ортаға «Жас Ұлан» ұйымының туы шығарылып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды. Салтанатты жиынымыздың ашылу құрметіне мектебіміздің директоры Қыстауов Болатбек Тәңірбергенұлына сөз берілді. Жиынымызда мектеп Ұланбасы мен мектеп комитетін ортаға шақырып төс белгілері тағылды. Мектеп Ұланбасы Амиров Алмас салтанатты түрде ант берді. Келесі құттықтау сөзі 2018-2019 оқу жылындағы ұланбасы Талғатқызы Жүрсінайға сөз берілді. Ол өзінің жылы лебізімен бірге «Жас ұлан» ұйымының кілтін табыс етті. Сонымен қатар салтанатты жиынымызда мектебіміздің жанынан құралған «Томирис» триосының орындауында «Қазағым» әні орындалды.