28
январь
2021
Дина Нұрпейісқызының туылғанына 160 жыл
Владимир Савва атындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейінде дарын иелерінің бірі- қазақ өнерінде өзінің өшпес ізін қалдырған күйші, композитор Дина Нұрпейісқызының туылғанына 160 жыл толуына орай "Күй анасы - Дина" атты жыр кеші ұйымдастырылды.
Мақсаты - оқушылар күйші өмірбаяны жайлы кеңінен білу, шығармаларымен танысу, эстетикалық қызығушылығын арттыру болатын. Оқушылар Дина апайдың өмірімен танысып, "Қарақасқа", Ана бұйрығы ","Әсемқоңыр", "Бұлбұл" сияқты күйлердің орындалуымен танысты. Мектебіміздің "Үкілі домбыра" үйірмесі жетекшісі- Б.Оспанованың жетекшілігімен бірнеше күйлер орындалды. Дина апамыз 94 жасқа дейін өмір сүрген. Соңғы демі таусылғанша басындағы жаулығын өзі байлаған. Немересі Балжаннан өлер алдында домбыра әперуін сұраған. Шанақты саусағымен түртіп,"94 жыл бойы біргеміз, менің жаным мен домбырам бір - бірін қимай жатыр",- деген екен.....