27
апрель
2021
ҚР-ның Қарулы Күштерінің мәртебесі мен беделін көтеру мақсатында 26 сәуір Чернобыль апатына 35 жыл
Владимир Савва атындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейінде ҚР-ның Қарулы Күштерінің мәртебесі мен беделін көтеру мақсатында 26 сәуір Чернобыль апатына 35 жыл толуына байланысты, Чернобыль оқиғасына қатысқан ардагерлермен кездесу сабағы өткізілді. Кездесуге, Чернобыль апатына тікелей қатысқан Әділбеков Бахадүр Жорабайұлы, Лепоус Владимир Андреевич сынды батыр ағаларымыз апат кезінде атқарған жұмыстары жайында оқушыларға әңгімелеп берді. Осыдан тура 35 жыл бұрын, яғни 1986 жылдың сәуір айының 26-ы күні Украинадағы Чернобыль атом электр стансасы жарылған болатын. Апаттың салдарынан Украина мен Рессейдің Брянск және Калуга облыстарының аумағы радиоактивтік ластануға ұшырап, халық өміріне қауіп төнді. АЭС- тен радиусы 30 шақырым жерде тұратын халықты басқа жерлерге көшіру жұмыстарымен айналысқан Бахадүр аға, оның зардаптарымен, қазіргі күнге дейін қиналатынын тілге тиек етті. Қазргі таңда, Меркіден Чернобыльге қатысқан адамдардан 13-ақ адамның қалғанын жеткізді. Апаттың зардабы қаншалықты ұзаққа баратыны белгісіз...Оқушылар осындай тарихта болған оқиғамен танысып, қонақтарға өздерінің дайындаған мәліметтерімен бөлісті. Мектеп директоры, өз сөзінде қонақтарға денсаулық тілеп, ағалардың еңбегі, батырлығы еш ұмытылмайтынын жеткізді...