29
апрель
2021
Оқушылар арасында қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу
Владимир Савва атындағы №9 ЖОББМЛ ДҚТЖО Ж.Иманбаева оқушылар арасында қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, Ювеналды полиция тобының инспекторымен, профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Карантин талаптарын сақтай отырып, мектеп оқушыларымен тиісті жұмыстар жүргізіліп, оқушыларға бопсалаудың әлімжеттіктің зияндары туралы айтылуда. Қылмыстық кодекске сәйкес, қылмыстық жауапкершілік, жауапкершілікке тарту жасы сияқты ұғымдарға тоқталып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Оқу жылының 4- тоқсанында оқушылардың басым бөлігі дәстүрлі түрде білім алуына байланысты, карантин талаптарын үнемі сақталу қажеттігі ескертілуде.