Тарихымыздың -ұрпақ ұмытпайтын тағылымы
Тарихымыздың -ұрпақ ұмытпайтын тағылымы Бүгін, мектебімізде 31-Мамыр саяси репрессия құрбандарын еске алу күніне арналған тарихшылардың ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді. 31 -мамырды "Ашаршылық және репрессия құрбандарын еске алу күні" деп белгілеп, 1997 жылы Н Назарбаев жарлыққа қол қойған. Өткен ғасырда сталиндік репрессия салдарынан қазақтың 70 мыңға жуық көзі ашық, зиялы қауымы жазықсыз атылып кетті. Бұдан бөлек 100 мыңдаған адам қамалып, айдауға түсіп, Сібірге жер аударылды.