15
январь
2025
Шеберлік сынып
2025 жылдың 15 қаңтарында педагог-магистрлардың әдістемелік апталығында «Білім алушылардың ғылыми зерттеу қабілетін арттырудың негізгі жолдары немесе «ЖЕТЕКШІ ҰСТАЗ» бейнесін қалыптастырудың маңызы» атты шеберлік сыныбы өткізілді. Шеберлік сынып барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-магистр Л.К.Абуева «Ғылыми зерттеу жұмыстары үшін қандай тақырыптар таңдаған абзал?» тақырыбында, «Ғылыми зерттеу жұмысының құрылымы мен ұйымдастырылуы» тақырыбында химия пәнінің мұғалімі, педагог-магистр Н.Н.Жеңіс іс-тәжірибесімен бөлісті.
