ЖИ қолдана отырып ББЖМ-ге дайындық жүргізудің тиімді жолдары
ЖИ қолдана отырып ББЖМ-ге дайындық жүргізудің тиімді жолдары
Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингісін (ББЖМ) сапалы ұйымдастыру, бағалау талаптарын дұрыс қолдану және мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында 2025 жылдың 17 қарашасында «ЖИ қолдана отырып ББЖМ-ге дайындық жүргізудің тиімді жолдары» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар барысында пән мұғалімдері ББЖМ-ге қойылатын негізгі талаптар, нормативтік құжаттар және тапсырма құрастыру алгоритмі жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, ББЖМ тапсырмаларын әзірлеуде және оқу жетістіктерін бағалауда жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану жолдары ұсынылды. Мұғалімдер ЖИ платформаларын қолдана отырып, оқу мақсаттарына сай тапсырмалар жасау, деректерді талдау, білім олқылықтарын анықтау және оқушылардың оқу нәтижелерін мониторингілеу мүмкіндіктерімен танысты.
