МЕКТЕПТЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТЫҢ ЖҮЙЕСІ
МЕКТЕПТЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТЫҢ ЖҮЙЕСІ Педагог мамандрдың кәсіби деңгейін ұдайы көтеріп отыру, олардың теориялық білімі мен әдістемелік білігін үздіксіз жетілдіру, оқытудың озық әдіс-тәсілдерімен қаруландыра отырып, шығармашылық жұмыстарына жол көрсету, яғни мұғалім мамандығын жетілдіру – нәтижеге бағытталған әдістемелік жұмыстың негізгі міндеті болып табылады. Әдістемелік жұмыс – мектептегі оқу-тәрбие жұмысын басқарудың негізгі саласы. Оған жоспарлау, ұйымдастыру, әдістемелік көмек көрсету,