Ақпарат
Биылғы жылы да Қазақстан Республикасы Президенті атынан өткен шыршаға мектебімізден қамқорлыққа алынған (ата-анасының қамқорлығынсыз қалған) 6 сынып оқушысы Сарсен Жаным Айдарқызы қатысып қайтты. Тараз қаласына қатысып, Президент атынан тәтті сыйлықтар мен ақшалай сертификат (120000 теңге) алды. Ал, аудандық әкім шыршасына мектебіміздің жартылай жетім, патронат және көпбалалы отбасынан шыққан 5 оқушысы аудан шыршасына қатысып, оларға аудан әкімі атынан жаңа жылдық тәтті сыйлықтар мен ойыншықтар берілді. Сонымен бірге, мектеп директоры Н.Койшиманова мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагогтар, психолагтар үйде оқытылатын 10 оқушы үйлерін аралап, жаңа жылдарымен құттықтады. Және аталған оқушыларға мұғалімдер атынан жаңа жылдық тәттілер таратылды. Сонымен бірге, жеке кәсіпкер «Токсеитов А.Т.» (Токсеитов Азимхан Тулегенович) атынан жартылай жетім, аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан 15 білім алушыға жаңа жылдық тәттілер таратылды.



