20
январь
2020
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп-лицейінде 18 қаңтар күні лицейішілік жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша олимпиада өтті. Лицейдегі олимпиаданың басты мақсаты – әр оқушыға өзінің білімін шыңдап, көрсетуге; өз таланттарын дамытуға мүмкіндік беру; дарынды балаларды анықтау және қолдау көрсету.
Лицейішілік олимпиадаға 8 сыныптан (4 қазақ тілді сыныптар, 4 орыс тілді сыныптар) 145 оқушы бақ сынады. Математика пәні бойынша 51 оқушы, жаратылыстану пәні бойынша 31, география пәні бойынша 10 оқушы, химия пәні бойынша 17 оқушы, биология пәні бойынша 25 оқушы, физика пәні бойынша 11 оқушы қатысты.