08
апрель
2022
Жеміс пен көкөністің пайдасы
11.03.2022 ж Владимир Савва атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде мектеп медбикелерінің ұйымдастыруымен білім алушыларға «Мектеп оқушысының тамақтануында жеміс пен көкөністің маңызы» тақырыбында дәріс оқылды. Көкөніс пен жемістерді күнделікті пайдалану ағзадағы холестерин деңгейін төмендетіп, қан қысымын қалыпты нормада ұстап, қан айналым жүйелерін ретке келтіріп және де иммундық жүйені жақсартуға ықпал ететіндігі туралы айтылып, әр адам ға кем дегенде тәулігіне бес мәрте кез-келген, тіпті мұздатылған, көкөніс пен жемістерді қабылдауға кеңес берді.