Тиімді тамақтану » "Общеобразовательная школа-лицей имени Мухтар Ауезова"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Мұхтар Ауезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-39-00
Есепші бөлімі:
+7(7263) 24-39-00
Версия
для слабовидящих
19
ноябрь
2018

Тиімді тамақтану

Тиімді тамақтану
Сабақтың тақырыбы: Тиімді тамақтану
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тамақтанудың маңызы, тиімділігі туралы ақпарат беру. Жақсы оқушы болу үшін қандай тағамдарды пайдалану керектігін ұғындыру.
Көрнекілігі: Суреттер
Ежелгі римдіктердің нақыл сөзі: "Біз тамақ ішу үшін тіршілік етпейміз, тіршілік ету үшін тамақ ішеміз".
Дұрыс тамақтанбау – қауіпті.
Шығыс медицинасы тамақтану мәдениетіне айрықша көңіл бөледі.Олар тағамдардың құрамына еттің аз,керісінше көкөніс пен жеміс-жидектердің көп болғанын қадағалайды.Жаңа піскен жеміс-жидектер мен көкөністер-адам ағзасын жиналған қождарды(шлактан) арылтып, қажетті дәрумендермен толықтырады. Олар адамның қартаюына жол ашатын, құрамында токсикологиялық заттары бар ет өнімдерін жемеуге кеңес береді.
Тиімді тамақтанған адам біраз ауру-сырқауға ұшырамай, оларды оңай жеңіп отыратын болады. Тиімді тамақтанудың мезгілсіз, ерте қартаюдан алдын-ала сақтандырудағы маңызы зор. Асқазаны, жүрек-қан тамыры т. б. сырқатқа ұшырағанда тамақтанудың арнайы ойластырылып жасалған рационы мен режимі емнің бір түрі болып табылады.
Тамақтану бүкіл организмнің бір қалыпты дамуы мен үйлесімді қызметін қамтамасыз ететіндей болып ұйымдастырылуы тиіс. Организмнің физиологиялық қажеті көптеген жағдайға байланысты, олар ұдайы өзгеріп отырады. Организмнің тамақтан жұғымды заттарды дәл осы сәтте қажетті мөлшерде бойына сіңіріп зат алмасу процесінде бір затты екінші түрге айналдыратын, керекті кезінде пайдалануға болатындай қор жасайтын, реттеуші механизмі болады. Бірақ организмнің реттеу мүмкіндігінің белгілі шегі бар; ол мүмкіндік бала кезде және егде тартқан шақта көбірек шектеледі. Кейбір витаминдер , алмастырылмайтын амино қышқылын адам организмі зат алмасу процесінде жинақтай алмайды, ол дайын күйінде тамақпен бірге берілуі тиіс, өйтпеген күнде кісі тамақ жұқпайтын ауруға ұшырайды .
Артық салмаққа жол бермеу үшін «қара тізімдегі» тағамдарды біле жүрген жөн. Ол үші тағамның этикеткасындағы «Е-ден» басталатын сандарға назар аударыңыз. Е103, Е105, Е111, Е121, Е121б, Е123, Е126, Е127,Е130, Е152, Е211, Е240, Е924а, Е924б, Е952, Е216, Е217 көрсеткіштерін мамандар денсаулыққа аса зиян дейді. Ал жарамдылық мерзімі үш айға жететін торттар, йогурттар, сырты табиғидан алшақ, тым ашық түспен боялған пирогтар да ағзаны асықпай уландыратын қоспалар көрінеді. Дайын шырындардың да пайдасынан зияны көп болып шықты.

Минералдардың негізгі көзі және қызметі.

Минерал Маңызды көздері Қызметі
Темір Бауыр, ет, құс, жұмыртқаның сарысы, сардиндар, скумбрия, бүтін дәнді өнімдер, нан, бұршақтар, саумалдық. Эритроциттағы пигменттің компоненті бұлшық ет компоненті.
Кальций Сүт, ірмішік, арқан балық, сардиндер, майшабақ, жасыл жапырақты көкөністер Сүйек пен тістердің өсуі
Бұлшық еттің жиырылуы
Жүйке серпінін тарату.
Цинк Ет, балық, жұмыртқа, дәнді өнімдер, бұршақтар Тұлғалық даму
Қайта жаңғыру
Жарақаттың жазылуы
Йод Йодталған тұз, теңіз өнімдері, топырағында йодтың көлемі жеткілікті аудандарда өсірілген жануар мен өсімдік текті өнімдер. тамақтың құрамында йодтың жетіспеушілігінен зоб ауруы пайда болады
Хром Алма, жеуге жарамды теңіз жәндіктерінде кездеседі. Тәнге шипалық әсері: қанның құрамындағы қанттың қалыпты деңгейде болуына көмектеседі. Эритроциттағы пигменттің компоненті бұлшық ет компоненті.
Мыс Оны жасамық(чечевица), шаян, бауыр, нан өнімдері, шай, кофе, картоптан табасың. Тәнге шипалық әсері: тәнге темірдің сіңірілуіне көмектеседі, қан түзілуіне, иммундық реакцияға қатысады. Сүйек пен тістердің өсуі
Бұлшық еттің жиырылуы
Жүйке серпінін тарату.
Марганец Ананас, күріш, сұлы, нан өнімдері, бауыр, бүйректе кездеседі. Тәнге шипалық әсері: орталық жүйке жүйесі мен репродуктивті ағзалардың қызметін, сүйектің өсуін жақсартады. Тұлғалық даму
Қайта жаңғыру
Жарақаттың жазылуы
Фосфор Қара нан, жаңғақ, бұршақ, жұмыртқа, майлы сүзбе, балықта бар. Тәнге шипалық әсері: орталық жүйке жүйесінің, соның ішінде мидың қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет, тамақтың құрамында йодтың жетіспеушілігінен зоб ауруы пайда болады


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы:
Тиімді тамақтану – бұл ең алдымен тұрақты тамақтану. Тұрақты тамақтану дегеніміз күніне 3-4 реттен кем емес, дәл белгіленген уақытта тамақтану, ал кешкі асты 19.00-ден кеш қалдырмаған жөн.

Тағам өнімдерінің негізгі құрылымдық элементтері – ақуыз, май, көміртек, дәрумендер, минералдық тұздар, су.

Түрлі сырқаттардың алдын-алу үшін йодталған тұзды, сүт және сүттен өндірілген тағам түрлерін, етті, бауырды, жемісті, көкөністі, балықты, сонымен бірге теңіз тағамдарын жеткілікті мөлшерде пайдалану қажет.

Денсаулыққа зиянды тағамдар
Жеткіншектердің көпшілігі гамбургерлерді жақсы көреді, бірақ сонда да Fast Food түріндегі тағамдарды көп болса аптасына бір-ақ рет пайдалануға дейін шектеуге кеңес беріледі. Оның орнына шамалы мөлшердегі майы бар, ағуызға бай, майсыз етті қолданған дұрыс.

 

Дұрыс тамақтану пирамидасы

 

Қауіпсіз тамақтану жөніндегі ДДҰ кеңестері:
Қауіпсіз болу үшін өңделген тамақтарды таңданыз.
 Өнімдерді ұқыптылықпен асшеберлік өңдеуге түсіріңіз.
 Дайын тамақты ертеңге қалдырмай бірақ ішіп қойыңыз.
 Пісірілген тамақты сақтауда, сақтау ережесін бұлжытпай орындаңыз.
 Дайын тамақты дұрыстап толық ысытыңыз.
 Шикі тамақтар пісірілген тамақтарға жақын болмасын.
 Қолды бірнеше рет жуыңыз.
 Асхана тазалығын ұстаңыз.
 Өнімдерді жәндіктерден, кеміргіштерден және басқа хайуандардан қорғаңыз.
 Таза немесе қайнаған суды қолданыңыз.


Егер де озат оқушы боламын де¬сең төмендегі ұсыныстарға назар ау¬дар.

Қырыққабат, қызылша. Ағзадағы зиянды, улы заттармен күресіп, әл-сіреуден, түрлі дерттерден сақтайды.

Балық және теңіз өнімдері. Құрам фосфорға, омега-3 қыш¬қылына бай. Екеуі мидың жұмысына жауап беретін және өте қажетті минералдар болып та-былады.

Сұлыдан жасалған ботқа. Жас ағзаға күш-қуат беріп, Е,В дәрумендерімен, ка¬лий, мырыш элементтерімен толықтырып отырады. Интелектуальдық белсенділікті арттырады.

Жаңғақ. Шығыс данышпандары «ақылды өнім» деп атап кеткен. Өйткені, ең алдымен ми қызметін жақсартып, оны қажетті ми¬нералдармен «азықтандырады». Бас-ми қызметіне қатысатын қан тамырлары үшін грек жаңғағының құрамындағы заттардың зәрулігі ерекше. Ұмытшақтықтың алдын ала¬тын да бірден-бір жидек осы. Жаңғақ дәнінде калий, каль¬ций, магний, фосфор, темір, тағы басқа химиялық элементтер өте көп. Бала ағзасына өте пайдалы.

Жидектер. Қан та¬мырларын тазалап, қан құрамындағы хо¬лес¬теринді қуады. Егер ағзада қан ай¬налымы жақсы болса, онда ми¬ға да қанмен бірге оттегі қа¬жетті мөл¬шерде ба¬рады деген сөз. Осы сияқты барлық жидектер есту, көру, есте сақтау мүшелерін жақсартып, оларды түрлі сырқаттардан сақтайды. Олардың мектеп жасындағы бала үшін пайдасы өте зор. Жидекті үнемі пайдаланған жағдайда баланың әдеттегіден көңілді әрі сергек жүргендігі байқала бастайды. Оқуға деген құлшыныстары арта түседі.


Есте сақтау қабілетін жақсарту үшін:
СӘБІЗ. Мидың зат алмасуын жақсарту арқылы, кез келген нәрсені жаттаған кезде жақсы көмектеседі. Жатар алдында бір тәрелке ұнтақталған, маймен араластырған сәбіз жеу керек.
АСҚАБАҚ ШЕМІШКЕЛЕРІ: Құра¬мымда мырыш бар, ол мидың ойлау жыл¬дамдығын ұлғайтады, есте сақтау қабілетін жақсартады.
Зейінді жақсарту үшін:
ПИЯЗ. Мидың мөлшерден тыс, психикалық шаршаған кезінде кө-мектеседі. Қанды сұйықтандырады, миды оттегімен қамтамасыз етеді. Мөлшер, күнде 1 пияздың жартысынан кем емес.
ҚАРА ЖҮЗІМ. Есте сақ¬тау қабілетін жақсартып, ми жұмысын ынталандырады. Таңертең 1 стақан шы¬рын, ал кешке жүзімнің 1 талын жесең әр түрлі ми қатырғыш сөзжұмбақтарды оңай шешуге көмектеседі.

Мұғалім: ендігі кезекті сынып оқушыларына береміз. Үйге берілген тапсырма – жұптық жарысқа дайындалып келу. Яғни әр оқушы өзінің жанында отырған сыныптасымен «Тиімді тамақтану» тақырыбын қорғайды. Өздерінің ізденімпаздығымен, белсенділігімен, жауапкершілігін көрсеткен жұптар мадақтама қағазымен марапатталады.

1 жұп: Айгерім - Аида
2 жұп: Амина - Анеля
3 жұп: Жасмина – Алибек
4 жұп: Ислам - Дінмұхамед
5 жұп: Динара - Айғаным
6 жұп: Аружан - Ерсұлтан
7 жұп: Толқын - Әділ
8 жұп: Нұрай - Әлішер
9 жұп: Асия - Шынтемір
10 жұп: Сымбат - Ерік
11 жұп: Камилла - Наурызбек
12 жұп: Анеля - Әлібек


Қорытынды: Бүгінгі сабағымыздың қорытындысы бойынша «Бас жүлде» иеленген жұп: _________________________, 1 орын иеленген жұп: _________________________, 2 орын иеленген жұп: _______________________, 3 орын иеленген жұп: _________________________. Құттықтаймыз. Осымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды. Әрдайым тиімді тамақтануды ұмытпайық.
 


 


 

 

 

 

 

 

 
 
 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив