Ақпарат
Анықтама
2025 жылдың 12 ақпан күні мектебімізде «Мектеп парламенті» және өзін өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен 9-10 сынып оқушылары арасында оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру, оқушыларды адам құқықтарына оқыта отырып, түрлі өмірлік жағдайларда өз мүмкіндіктерін жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту мақсатында «Менің құқықтарым -менің міндеттерім » тақырыбында интеллектуалды ойын өткізілді. Интеллектуалды ойынға сыныптардан құралған 4 команда қатысты. Залдағы көрермен оқушылар мен командалар тартысты әрі қызықты ойында кәмелетке жасы толмағандардың құқықтары мен міндеттеріне арналған сұрақтар мен тапсырмаларды орындап, өз білімдерін жетілдірді. Интеллектуалды ойын жеңімпаздары мен жүлдегерлері тиісті дәрежелі дипломдармен марапатталды.

