Ақпарат
01.04.2025 жыл күні М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде Меркі АПБ ЖПҚб ЮПТ инспекторы полиция капитаны Касимов Бекнур Даниярулы, Меркі АПБ-нің КТІЖ учаскелік инспекторы полиция лейтенанты А.Маңызқызы ішкі істер бөлімінің, мектепішілік есепте тұрған кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында мектеп инспекторлары оқушыларға түнгі уақытта көшеде, ойын сауық орындарында жүрмеу керектігі, жасөспірімдер арасындағы ұрлық, бопсалау, баланы жәбірлеу сынды қылмыстық құқық бұзушылықтың салдары жөнінде, мектептің ішкі тәртіп ережесін бұзу, сабақтарға себепсіз қатыспау, әкімшілік құқық бұзушылық жасау, әр түрлі зиянды заттарды пайдаланған жағдайда мектепішілік есепке, ал қайталанған жағдайда аудандық ішкі істер бөлімінің тізімдік есебіне алынатындығын ескертті. сондықтан мектепте, қоғамдық орындарда тәртіпті қатаң сақтау керектігін айтып өтті. Кездесу барысында оқушылар инспекторларды зор ықыласпен тыңдап, барлық қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

