Құқық бұзушылықтың салдары жөнінде түсіндірме жұмыстары
Ағымдағы жылдың 28 қаңтар күні жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу мақсатында Меркі АПБ КПБ аға жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Жұман Жалғас Нұржанұлы, Меркі АПБ-нің ЖПҚБ уческелік инспекторы Бейсен Нұртас Тұрсынұлы, Меркі АПБ-нің КТІЖ учаскелік инспекторы полиция лейтенанты Арна Маңызқызының қатысуымен 8-11 сынып білім алушыларымен кездесу өтті. Кездесу барысында құқық қоғау органдарының қызметкерлері интернет алаяқтықтан сақтану туралы, кешкі уақытта ата-ананың қарауынсыз көшеде, қоғамдық жерлерде жүрмеу керектігі, жасөспірімдер арасындағы ұрлық, бопсалау, баланы жәбірлеу ( буллингтің) сынды қылмыстық құқық бұзушылықтың салдары жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.