24
февраль
2026
«Онлайн ортадағы діни манипуляция: бала санасына төнген қатер»
2026 жылдың 24 ақпан күні Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі базасында 8–10 сынып оқушыларымен «Онлайн ортадағы діни манипуляция: бала санасына төнген қатер» тақырыбында маңызды кездесу өтті. Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы мамандары С. Қырықбай мен Е. Сәрсенов қатысып, оқушыларға интернет кеңістігіндегі діни сипаттағы теріс ақпараттардың қаупі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

