19
ноябрь
2025
Білім беру буындары арасындағы сабақтастық: мектептен ЖОО-ға дейінгі көпір
Білім беру буындары арасындағы сабақтастық: мектептен ЖОО-ға дейінгі көпір 2025 жылдың 19 қарашасында М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде оқушылардың болашақ мамандықты саналы таңдауға дайындық деңгейін арттыру, жоғары оқу орындары туралы жан-жақты ақпарат беру және түлектердің мамандық таңдаудағы құзыреттілігін дамыту мақсатында Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті тарапынан 10,11-сынып оқушыларына арналған «Білім беру буындары арасындағы сабақтастық: мектептен ЖОО-ға дейінгі көпір» тақырыбында кәсіби-танымдық конференция өткізілді.
Университеттің кәсіби бағдар беру бөлімінің бас маманы - Нұрмахан Әуесбекұлы конференция барысында университеттің жалпы құрылымы, факультеттер мен білім беру бағдарламалары, педагогикалық және басқа да бағыттар бойынша мамандықтар, қабылдау ережелері, грант түрлері, құжат тапсыру талаптары, оқу форматы және студенттік өмірдің ерекшеліктері туралы толыққанды ақпарат ұсынып өтті. Мұндай іс-шара мектептер мен жоғары оқу орындары арасындағы тиімді серіктестік орнатуға, білім берудің үздіксіздігі мен сабақтастығын нығайтуға, түлектердің болашақ кәсіби жолын айқындауда дұрыс бағыт алуына мүмкіндік береді. Ұйымдастырушылар: ДБОЖО Ж.Мухтанова, Кәсіби бағдар беруші педагогтар - Ж.Иманбаева, А.Байкулова