09
февраль
2022
Жырлайды жүрек....
Жырлайды жүрек....
Бүгін, Владимир Савва атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби-сазды кеші өткізілді. Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдызай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырайды. Мұқағали- ғажайып, сыршыл ақын. Оның өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.
Өзі айтқандай:
Айтылар естеліктер мен туралы.
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін'
Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы." Иә,ақын жайлы бүгінгі таңда естеліктер де жазылып, жылы лебіздер айтылуда. Бүгінгі жыр кешінде, мектеп басшысы Б.Қыстауов құттықтап,оқушыларға Мұқағали өлеңдерін жүрекпен жаттап, оқу керектігін түсіндірді. Оқушылар Мұқағали ағамыздың "Пай,пай,өмір", "Қара өлең","Нені аңсаймын?","Шыда, шыда" деген сияқты өлеңдерінен жыр, ән шумақтары төгіліп, өмірінен көріністер көрсетілді. Дарынды оқушылар: Ахмет Әлихан, Жандулла Балғынбек, Асқар Ерасыл, Асхатұлы Бекнұр,Дауыталы Ақылжан қойылымды шынайы кейіпкердей сомдап, көрермендерді ойландырды. Қазақ тілі пән мұғалімдері жоғары деңгейде дайындық жасады....