21
апрель
2022
«Нағыз адам» тақырыбында ашық сабақ
Владимир Савва атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде 21.04.2022 жылы 3 «Б» сынып мұғалімі Байназарова Гулжан Сейтхановна әдебиеттік оқу пәнінен «Нағыз адам» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Анықтама
Мақсаты: 3.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп, теріп оқу;
3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру;
Сабақты оқушыларды өзіне ұнаған түстегі гүлдер арқылы топқа бөлуден басталды. Үй жұмысы «Жасырын ұяшықтар» ойынымен бекітілді. «Адам балық» әңгімесінің мазмұны бойынша сұрақтар қойылды. «Алтын қарбыз» мультфилмін көрсету арқылы жаңа сабақтың тақырыбы анықталды.Аудиотаспа тыңдау арқылы тыңдалым,оқылым мақсаттары жүзеге асты. Жұптық жұмыста «Пирамидалық оқиға» әдісі арқылы оқиға желісін жазып шықты. Ұжымдық тапсырмада мәтін мазмұнындағы атасының берген пікірлеріне дәлел келтірді.Топтық жұмыста оқушылар 1 топ Суды үнемдеу ережесін құрастырды 2 топ Кейіпкерлерге хат жазды 3 топ «Екі жақты күнделік» әдісі арқылы адам бойындағы жақсы,жаман қасиеттерді анықтады.Сабақта топты бағалау,өзара бағалау,мұғалім тарапынан бағалау түрлері қолданылды.Сабақты бекіту «Wordwall» платформасы арқылы жүзеге асты. «Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі арқылы кері байланыс жасалды.