22
апрель
2022
«Тау. Заттың қимылын білдіретін сөздер»
Владимир Савва атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде 22.04.2022ж күні
1 «Г» сынып мұғалімі Төламан Бағдат Қайратқызы ана тілі пәнінен «Тау. Заттың қимылын білдіретін сөздер» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Анықтама
Мақсаты:
1.1.3.1 тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
1.4.2.1 заттың атын, қимыл-әрекетін, сынын, санын білдіретін сөздерді
ажыратып, орынды қолдану
Сабақта алдынғы сабақты болжау мақсатында суреттерге сұрақ қойып , артта жасырылған суретті тауып жаңа тақырыпты меңгеруге қажетті білімдерін еске түсіріп, «Миға шабуыл» стратегиясы бойынша білімдерін жинақтады.
Оқушылар Өлеңді QR кодпен тыңдатады. «Алма кезек »оқып , «Түрткі сұрақтар» әдісі арқылы сұрақтарға жауап берді. Дәптермен жұмыс жасаған соң , сергіту сәтін жасады.
Жеке жұмыс Семантикалық карта оқушылар тапсырманы орындап , тақтамен тексерді.
«Ойлан, бірік, бөліс». Т.Ж
1 топ – «Құстар»
2 топ «Үй жануарлары»
3 топ «Жабайы жануарлар» топқа бөлініп видео тыңдап , өз ойларын топта суретпен сөздерді сәйкестендірді.
Жұптық жұмыс «Балық аулау» әдісі Жұбымен балықта заттың қимылын білдіретін сөздерді шелекке салу арқылы орындады.
«Алғашқы әріп» ойыны
Алғашқы дыбысы кестедегі әріптерден басталатын қимылды білдіретін сөздерді тауып , қимылмен көрсетті.
Сабақта топты бағалау, өзара бағалау, өз-өзін бағалау, мұғалім тарапынан бағалау түрлері қолданылды.
Сабақты қорыта келе «Сәйкестендіру» әдісімен өтілген тақырыптарды қайталады.
«Білім шыңы» әдісі арқылы кері байланыс жасалды.