26
апрель
2022
Қазақстан үшін маңызды құндылықтар"
Қазақстан үшін маңызды құндылықтар"
Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде 2022 жыл 26 сәуір күні 10-сынып оқушыларымен "Қазақстан үшін маңызды құндылықтар" тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесудің басты қонағы "Меркі ақиқат" газетінің редакторы Құралбаев Серік Құралбайұлы.
Мақсаты: Балалар жылына орай елімізде орын алып отырған саяси-әлеуметтік оқиғаларға жастардың да қатысы бар екендігін, олардың бойында елжандылық, отаншылдық қасиеттер болу керек екендігін ұғындыру; жастардың қазақ елінің тарихын білуіне, оның барлық саладағы тірліктеріне жауапты қарап, патриоттық сезімдері мен азаматтық жауапкершілігін арттыруға жол ашу болатын.
Серік Құралбайұлы оқушыларға Тәуелсіздік жайында, оның қасиетті ұғым екенін, одан айырлмау керектігін айтып өтті. Барлық жетістіктерге еңбекпен, адалдықпен, ұлттық құндылықтарды құрметтеу ақылы жету керектігін түсіндірді.
Жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренетін уақыт екенін сөз етті. Мектеп басшысы Б.Қыстауов өз сөзін жалғастыра отырып, біз тәрбиелеп отырған оқушылар- келешек жер иесі екенін, ағалар салған сара жолдың жалғасы сендер деп өтті. Сынып жетекшілері С.Кушанова, Нұрбол. І ,Мәндібек Г қонақтарға рақмет айтып, Еліміздің президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың "Маған елімнің амандығынан басқа ешнәрсе жоқ!" деген ұлтжанды сөздермен аяқтады.