31
май
2022
Тарихымыздың -ұрпақ ұмытпайтын тағылымы
Тарихымыздың -ұрпақ ұмытпайтын тағылымы
Бүгін, мектебімізде 31-Мамыр саяси репрессия құрбандарын еске алу күніне арналған тарихшылардың ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді.
31 -мамырды "Ашаршылық және репрессия құрбандарын еске алу күні" деп белгілеп, 1997 жылы Н Назарбаев жарлыққа қол қойған.
Өткен ғасырда сталиндік репрессия салдарынан қазақтың 70 мыңға жуық көзі ашық, зиялы қауымы жазықсыз атылып кетті. Бұдан бөлек 100 мыңдаған адам қамалып, айдауға түсіп, Сібірге жер аударылды. Кеңес Одағының солақай саясаты бойынша, отарланған ұлттың бас көтере алмай, құлақкесті құл болуы үшін, көзі ашық, саналы азаматтарының барлығы да қуғынға түскен.
Ресми деректер бойынша КСРО-да 3,77 млн сталиндік репрессия құрбаны болған. Олардың 500 мыңы атсалыса, қалғандары-25 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылған. Бүгінгі таңда 1921-1954 Ж аралығында 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап, олардың 25 мыңнан астамы атылған. Елімізде бүгінгі таңда 345 мың заңсыз қуғындалған адам ақталды. Олардың ішінде Қазақстанға жер аударылғандар бар. Міне,осындай жан түршігерлік цифрларды, мәліметтерді келешек ұрпаққа жеткізіп, халықтың басына түскен қиыншылықтар түсіндірілді. Ұрпақ санасына өткен дәуір тарихын жаңғырту, халық зиялыларын жадымыздан бір сәт те шығармау баршамыздың ұлт алдындағы азаматтық парызымыз деп білейік!