31
май
2021
31 мамыр- қуғын-сүргін ашаршылық құрбандарын еске алу күні
"Социалистік режимінің ең үлкен күнәсін кешіруге болмайды: бірі -ашаршылық, енді бірі қуғын - сүргін"....
Владимир Савва атындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейінде, бүгін 31 мамыр- қуғын-сүргін ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай тәрбие сағаттары өткізілді.
1997 жылдан бастап "31мамыр- саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні" болып бекітілген болатын. Деректер көзіне сүйенсек 1936-1938 жж Қазақстан бойынша 103 мың адам қуғынға ұшырап, олардың 25 мыңы атылған. Тізімдегі 631 атылған адамның 80 пайызы қазақтың зиялылары: ғалымдар, Алаш азаматтары....
Қазақ халқының бостандығы мен азаттығы үшін тер төгіп, жан қиған Алаш азаматтары 1917 жылы жеке мемлекет құрып, оны "Алашорда" деп атаған еді. Халықтың шын мәніндегі қамқоршылары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, М.Жұмабайұлы, Ж.Аймауытов тағы басқа көптеген ұлт қайраткерлері осы ұлы істің басында болды. Ел-жұрт рухы көтерілді. Азаттықты аңсаған қазақ халқы үшін бақыт таңы атқандай еді. Алайда қанқұйлы сталиндік, ұлтшыл- шовинистік, қаскөйлік билік бұл күндерді қараңғы түнекке айналдырып жіберді. Алаш арыстарының бірін қоймай ажал отына тастады. Арыстарының өзін ғана емес, олардың жазықсыз жарлары, туған-туыстары мен балаларына дейін зәбір-жапа көрсетті. Қазақстанда үлкен түрмелер, лагерлер ашылды. Оларға 5 миллионнан астам адамдар жіберілді. Сонымен бірге мынандай деректер де қоса айтылады. 1921 жылдан 1954 жылдар уақытында Қазақстанда 100 мың адам қамалып, 25 мың адамы ату жазасына кесілген....
Міне, осындай қазақ үшін қайғы-қасіретті, тарих бетінде өз таңбасы қалған бұл жылдарды еш ұрпақ ұмытпақ емес...
Біздің борышымыз- осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбан болған азаматтарының есімдерін ұмытытпай, мәңгі есте сақтап, жас ұрпақ санасына бабалар аңсаған тәуелсіздікті, Қазақстанымыздың көркейіп, гүлдене түсуіне өз үлестерін қоса отырып, бейбіт өмірді бағалай білуге тәрбиелеу.
https://www.facebook.com/100030510421153/videos/527246878302322/