03
октябрь
2022
Мұғалімдер күніне арналған «Дублер күні»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының 2022 жылғы 24 тамыздағы №15-53/328 хатына сәйкес мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиетін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында мектебімізде мұғалімдер күніне орай 2022 жылдың 30 қыркүйек күні "ДУБЛЕР КҮНІ" яғни оқушылардың өзін-өзі басқару күні өтті.
Дублер күнінің мақсаты - мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру.
"ДУБЛЕР КҮНІН" өткізу мақсатында мектепте Парламент Президенті Асқаров Айдын бастаған 11 сынып оқушыларымен 10 сынып оқушылардан бастамашыл топ құрылды.
Мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдерінің рөлін мектеп Парламент Президенті және 9,10,11 сынып оқушылары атқарды.
https://www.facebook.com/100086017914999/videos/413392490953056/