29
сентябрь
2021
«Жас Ұлан»балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігі
Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған. Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады. «Жас Ұлан» - өскелең ұрпақты жоғары рухани – адамгершілік құндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген Қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым. Жас ұланның мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін – өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.
Жас ұланның міндеттері: Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани – адамгершілік әлеуетті қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналығын арттыру, танымдық жұмыстарды ынталандыру; жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған сонымен бірге баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту. Жас ұлан тәрбиелік, танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік, ақпараттық, шығармашылық қызметтерді атқарады. Әр жыл сайын мектебімізде қыркүйек айында Ұланбасын сайлау жұмысы жүргізіледі. Сайлау, ашық дауыс беру арқылы өткізілді. Ұланбасы сайлауына 12 оқушы өздерін үміткерлікке ұсынған еді. Олар: 10 «А» сынып оқушысы Нұрғали Ералы , 10 «А» сынып оқушысы Елубай Арайлым, 9 «А» сынып оқушысы Иса Аяжан , 9 «А» сынып оқушысы Өтеген Айнэл, 9 «Ә» Сагынай Жаным, 9 «В» Шидакова Дарина т.б Үміткерлер өздерінің болашақ әрекеті туралы бағдарламаларымен бөлісті. Сайлауға 391 оқушы дауыс берді. Сайлау қорытындысы бойынша:
Үміткер - 10 А сынып оқушысы Нұрқали Ералы - 90 дауыс
Үміткер - 10 А сынып оқушысы Елубай Арайлым 72
Үміткер - 9 А сынып оқушысы Өтеген Айнэл – 50
Үміткер – 9 Ә сынып оқушысы Сағынай Жаным - 20 дауыс
Үміткер - 9 В сынып оқушысы Шидакова Дарина – 61 дауыс жинады.
Ең жоғарғы дауыс 9 «А» сынып оқушысы Иса Аяжан Жас Ұлан ұйымының - Ұланбасы болып тағайындалды. Басқа да оқушылар жас ұлан ұйымының бағыттары бойынша жетекшілікке ұсынылды.
1. Ұланбасының көмекшісі: Елубай Арайлым, Шидакова Дарина
2. Зерде бағытының жетекшісі: Көпжурсинова Асемай,
3. Руханият бағытының жетекшісі: Төребек Балауса, Сапаргали Аружан
4. Отан бағытының жетекшісі: Қалмұрат Назгул, Маратова Жулдыз, Бекен Аянат
5. Жеті жарғы бағытының жетекшісі: Мамай Саламат, Қартжанов Әділбек, Әкімхан Көркемтай, Жетпісбай Алдияр
6. Салауат бағытының жетекшісі: Юсуп Дилназ, Отарбай Бекзат
7. Еңбек бағытының жетекшісі: Адилбай Аружан, Куанай Балымжан
8. Эко әлем бағытының жетекшісі: Кенесбай Назира, Ширадзе Себиль
Сонымен қатар «Өзін- өзі басқау» ұйымының Президенті болып 11 сынып оқушысы Салиев Сұлтан тағайындалды.