25
ноябрь
2022
“Дұрыс тамақтану-денсаулық негізі”
Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орты білім беретін мектеп-лицейінің 9 “Ә” сыныбымен 25.11.2022 жылы оқушылардың жақсы денсаулығының,жан-жақты дамуының кепілдігі-тиімді және үйлесімді тамақтану болып саналатынын,әртүрлі дереккөздерге сүйене отырып, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін қалыптастыру мақсатында “Дұрыс тамақтану-денсаулық негізі”атты сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағаты барысында мұғалім оқушыларға дұрыс тамақтанудың пайдасы мен адам өміріне тигізетін әсері туралы көптеген мағлұматтар берсе,оқушы Темірбай Ернұр алдын ала дайындыған видеоролик көрсету арқылы оқушыларға тың және жаңа ақпараттармен бөлісті.Оқушылар әңгімеге қатысып, топтық жұмысқа белсене қатысты. Сынып сағаты жақсы деңгейде өтті.